Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

МАҚТААРАЛДАҒЫ СУ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі 4 мамырмен салыстырғанда төмендей бастады. Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см-ге, Жаңатұрмыс елдімекенінде 17 см-ге төмендеген. Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см., Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды.

Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді.

Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.

Ұқсас жаңалықтар

ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ НЕГІЗІ

admin

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 500 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАҒАН

admin

Шымкент: «Бір нүктелік» іс-шарасы барысында екі мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

admin