Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

МӘЖІЛІСМЕН ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен ҚР Мәжіліс депутаты Берік Оспанов үшінші шаһардың белсенді жастарымен кездесті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚФ төрағасы Ердаулет Жүнісбек және қаланың белсенді жастары қатысты.
Еркін форматта өткен басқосуда жастар тарапынан халық қалаулысына бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бойынша ережелерге бірқатар өзгерістер енгізу туралы сөз қозғалды. Бұл бағдарлама бойынша 5 жыл мерзімге жалға берілетін баспанаға ай сайын 10-12 мың теңге төлейсіз. Ол үшін тұрақты жұмыс орныңыз және 40 айлық есептік көрсеткіштен (шамамен 122 мың теңге) кем емес еңбекақыңыз болуы шарт. Ал, шымкенттік жастардың жалақысы көп жағдайда бұл көрсеткішке жете бермейді. Осыған орай кездесуде жас мамандардың табыс көрсеткішін төмендету туралы ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ, жиында жастар арасында жылдам несиеге жүгінетіндердің де мәселесі көтерілді. Енді ғана 18 жасқа толған студенттер несие рәсімдеп, түрлі қиындықтарға тап болуда. Осы бойынша жастар белгілі шектеулер енгізу керектігін ұсынды. Мәжілісмен өз кезегінде бұл мәселелер бойынша депутаттық сауал әзірлеп, үкіметтің назарына ұсынатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бөтеннің 2 млн ға жуық ақшасын иемденген азамат ұсталды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛУДА

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

admin