Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

МЕЙІРЖАН ШЕРМАХАНБЕТ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші алтын жүлде түсті.

Грек-рим күресінен 67 келіде белдескен жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды.

Шымкент қаласының балуаны Үндістан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореялық балуандардан айласын асырды. Мейіржан бұған дейін құрлық чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.

Айта кетсек, кеше, жарыстың бірінші күнінде аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов алтын жүлдеге қол жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз құс аулау жайттары анықталды

admin

С Казпочтой удобно и выгодно: pos-терминал в твоем смартфоне!

admin

Қазақстанның әуе күші заманауи зениттік зымыран кешенімен нығайтылды

admin