Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«Мотокөлік»: Шымкентте екі күнде 300-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 1723 қазан аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның 2 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 245 дерегі анықталып, 1 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Оның ішінде: Пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 1, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 20 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, тыныштықты  бұзу бойынша – 19, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған  – 1 жүргізуші анықталды. Жаяу жүргiншiлердің белгіленбеген жерден өткендер саны да аз емес, 201 (Оның ішінде: мопед, самокат, велосипед жүргізушілеріне қатысты – 23) жаяу жүргінші  жол ережесін бұзған.

 

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕМІР БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

admin

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ҮЙ АУЛАЛАРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРДІ

admin

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫҒА ӨТІНІШТІ ҚАШАН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ?

admin