Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

МҰҒАЛІМДЕР ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН

Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі И.Хашимжанов, Шымкент қалалық партиялық штаб мүшелері Е.Бертаев, Б.Қуанышбеков Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Негізгі мақсат – Конституциялық реформаларды кеңінен түсіндіру.

— Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бұл – жай ғана айтыла салған сөз емес. Егер Конституциялық реформа қабылданса, онда саяси жүйе де елеулі өзгереді. Бұл өзгерістер адамдардың өз ойын ашық жеткізе алуына мүмкіндік беретін бірден-бір жол, — деді «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалынң Атқарушы хатшысы Е.Бертаев.

Кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және оның мақсаты мен күтілетін нәтижесі де сөз болды. Жиын соңында штаб мүшелері білім ордасының ұстаздар қауымын мемлекет басшысы ұстанған саясат пен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТ МҰНАРАСЫ» МЮЗИКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАНДА 630 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА САЛЫНУДА

admin

Еліміздің болашағын айқындауға қатысыңыз!

admin