Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

NUR OTAN: КЕНТАУДА 50 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласында қайырымдылық акциясы өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева өз демеушілігі есебінен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардағы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 50 оқушыға киім-кешек тапсырды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына ие болған оқушылар жомарт жанға ризашылығын білдірді. Игі істердің басы-қасында жүретін Қ.Жантөреқызы қайырымдылық жасау азаматтар үшін міндет екенін жеткізді.
«Пандемия кезінде талай отбасы табысынан айырылып, қиын күн кешіп жатыр. Сондықтан «Nur Otan» партиясы қайырымдылық іс-шараларын жүйелі түрде өткізіп жүр. Бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында үлесімізді қосуды жөн көрдік», – дейді ол.
Кентаудағы акция аясында партияның Кентау қалалық филиалында бірнеше оқушыға базарлық берілді. Сонымен бірге өзге оқушылардың үйлеріне киім-кешек жеткізілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз құс аулау жайттары анықталды

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН АДАЛ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

admin