«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп «Alpha Academy» Білім орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылар арасында қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастыруда. Аталған іс шара 6 қараша күні сағат 09:00-де Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің конференция залында өтеді. Жалпы жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайтын қалалық «Тәуелсіздік тірегім» атты пікірсайыс додасына 50-ге жуық топ қатысатын болады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында жастарды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Жүлдеге, шетелдік оқу дайындығы және ағылшын тілі курстарына құны 1 000 000 теңгелік оқу сертификаты үйлестіріледі.
1 орын – 300 000 тг сертификат
2 орын – 200 000 тг сертификат
3 орын – 100 000 тг сертификат
