Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС

«Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендіктен, карантин талаптары әлі де сақталады. Сондықтан сақтық шаралары жалғаса береді. Әсіресе құрылыс саласында. Карантин құрылысқа кедергі емес»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев лездемелік мәжіліс отырысында.

Түркістан қаласында бірқатар ғимараттар құрылысы аяқталуға таяды. Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласын жаңғырту аясындағы жұмыстар барысы жайлы есеп алды. Әкімшілік, әлеуметтік және тарихи-мәдени маңызы бар нысандардың құрылысы жайлы қала әкімі Рашид Аюпов баяндады.

Шаһарда бой көтерген оқушылар сарайы, 7 мың орындық стадион, Ұлттық қолөнершілер орталығы, амфитеатр, Керуен сарай, аттракциондар саябағы, бассейні бар спорт кешені, келу орталығы мен басқармалар мен департаменттер үйінің ғимараттарындағы құрылыстың басым бөлігі бітіп тұр. Бүгінде олардың айналасын жасыл желекке бөлеп, абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕН АУЫЛДЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ДЕЙІН МАҚТАНУ ДЕРТІ БАР

admin

«AMANAT»: САЙРАМДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Сыртқы талдау жұмыстары арқылы анықталған кемшіліктер алқалы жиында баяндалды

admin