Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«Пәтер жалға беремін»: Шымкентте тағы бір алаяқтық жайты анықталды

«Жалға пәтер беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті азаматша арызданған. Ол өз арызында, 41 жастағы азамат «пәтер жалға беремін» деп сеніміне кіріп, қолма-қол 80 000 (сексен мың) теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың жасы 41 – де, тұрақты жұмысы жоқ. Қала аумағында пәтерлерді жалға беріп, пайда табуды кәсіпке айналдырғаны анықталды.

Тергеу барысында оның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Қазіргі кезде аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ИМАМДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҮЛГІДЕ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

admin

ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ — ІНДЕТТІ БІРГЕ ЖЕҢЕДІ

admin