Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ — АСА МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі, «Қазақ тілі коғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин және «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» ұжымымен кездесті.

Кешегі күннен бері Мәжіліс депутаттары және республикалық штаб мүшелерінің референдум бойынша Шымкент қаласына жұмыс сапары басталды. Тұрғындармен кездесудің басты мақсаты — жалпыұлттық референдумді өткізу тәртібі, оның халық үшін маңызы, орын алатын өзгерістер жайында насихат жұмыстарын жүргізу.

Түрлі форматтарда ұйымдастырылып жатқан кездесулерде республикалық штаб мүшелері жергілікті тұрғындар, оның ішінде қариялар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және жастарға референдумның маңыздылығын қарапайым тілде түсіндіруде.

-«Бүгінгі таңда референдум қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болары анық», — деді Ж.Бектаева.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

admin

ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ МЕН САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

admin

КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

admin