Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: 10 айда жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 125020 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10 айында жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 125020 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Барлық фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: жалған мемлекеттік нөмірі бар көлік құралын басқарғаны үшін – 26; терезе күңгірттегені үшін – 9028; көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін – 6805; шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кеткен автокөлікті пайдаланғаны үшін – 215; жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 1834; қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 12266, қарсы жолаққа шығу – 121; аялдау немесе тұрақ қағидаларын бұзу – 8129; жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу – 371; жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау – 24424; жарық немесе дыбыс сигналдарын орнату қағидаларын бұзу – 11; мас күйінде жүргізу – 227; өзімен бірге жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы – 1987; өзге де құқық бұзушылықтар-59576.

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШЫН МӘНІНДЕ КӨМЕККЕ ЗӘРУ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУДЫ МІНДЕТТЕДІ

admin

Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 27 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰЛПЫНАЙ ПІСТІ

admin