Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Автокөлікті заңсыз айдап кеткендер ұсталды

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, өз үйінің ауласында тұрған «Ваз 21014» маркалы автокөлігін түнгі уақытта белгісіз біреудің заңсыз иемдену мақсатында айдап алып кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 650 000 (алты жүз елу мың) теңгені құрап отыр.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты жіті зерделей шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдік тудырған азаматтардан түсінік алды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы жайтқа қатысы бар азаматтар қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-тің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ 5168 ОТБАСЫНА 50 МЫҢ ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ

admin

Алаяқ мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, 700.000 теңгеге сан соқтырған

admin

МАҚТА МАШАҚАТЫ: БИЫЛҒЫ БАҒА ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

admin