Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған кезекті тұрғын анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мекемелердің, дүкендердің, дәмханалардың және үй аулаларының аумағында белгіленбеген жерге қоқыс тастау жайттарының жиі орын алуына байланысты қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Кезекті рейд барысында Забадам шағынауданында көше бойына құрылыс құмын төккен тұрғын анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қала тазалығын сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент гарнизонында техника жазға дайындалуда

admin

Шымкентте «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің туы табыс етілді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 40 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

admin