Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Полицейлер есірткіге ұқсас затты алып жүрген азаматты анықтады

Абай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатады. Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) қылмыстық іс тіркелді. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 0,74 граммға жуық «марихуана» екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкенттік полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

• 🔗 ТҮРКІСТАН: КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ШЕБЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

admin

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН 150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

admin

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА 1000 ТҮП ҚЫЗҒАЛДАҚ СЫЙЛАДЫ

admin