Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Полицейлер сауда орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, қала аумағындағы сауда орындарында есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.
Сатушыларға ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Айта өтсек, кәсіпкерлік иелеріне адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынады. ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабына сәйкес, «есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» – лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бұл бағыттағы іс-шаралар ұдайы түрде ұйымдастырылуда.

 

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР БЛОК-БЕКЕТТЕРДІ ТЕГІН ҮШ МЕЗГІЛ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУДА

admin

Шымкентте пәтер алып беремін деп, тұрғынның 1 300 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды

admin