Қаратау АПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 22 желтоқсан күні рейдтік жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде, заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған 10 жасөспірім мен 1 ойынхана иесі анықталды. Оның ішінде, 23:00-ден кейін көшеде жүрген 9 жасөспірімнің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2-тармағы (сағат 23:00-ден 06:00 ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз) бойынша, сағат 22:00-ден кейін ойынханада жүрген 1 жасөспірімнің ана-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1- тармағы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі) бойынша және 1 ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-тармағы (Кәмелетке толмағандардың сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шара қолданылды.
Сондай-ақ, Қаратау ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз және тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата-аналарына ескерту жасалды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналарға жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.
