Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықМәдениет

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері №4 балалар үйіне арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында полицейлер балаларды сыйлықтармен қуантты. Өз кезегінде балалар қонақтарға жаңа жылдық концерттік бағдарлама қойды. Тәртіп сақшылары мен балалар шыршаны айнала жүріп, мереке көркін қыздырды.

 

Балалар үйінің қызметкерлері және балалар полицейлерге керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

 

Айта өтетін ақпарат, департаменттің жеке құрамы аталған балалар үйіне ұдайы түрде қамқорлық танытып, көмек көрсетеді.

 

Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

admin

Спортшы сақшы

admin

ТҮРКІСТАН: COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 107-ГЕ ЖЕТТІ

admin