Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТ: СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысып, спорт саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы талқыланды.
Сонымен қатар, спикер 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, аталған Тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың алғыша рттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын жеткізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарласуға болатындығы айтылды.
Шара соңында жиынға қатысушылар қоғамның әділ азаматы болуға, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ – БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

admin

БҚО-да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 76 000 клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады

admin