Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Тәртіп сақшылары есірткіге ұқсас зат алып жүрген үш азаматты анықтады

2022 жылдың 17-ақпанында Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу барысында А.Байтұрсынов көшесінің бойында күмән тудырған үш азаматты байқап, тоқтатады. Тұрғындардың жеке басын анықтау барысында бір азамат күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған затты лақтырып жібереді.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді.  Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азаматтар Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Шымкенттік полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Егер, Сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

admin

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ДҮРІЛДЕП ӨТТІ

admin

«AMANAT»: БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin