Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Жергілікті тұрғын көліктің 4 дана доңғалағын тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді

Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, ауласында тұрған көліктің 4 дана доңғалағын белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұрланған заттар заңды иесіне қайтарылды

Өз кезегінде, жергілікті тұрғыні тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ САЙРАМ АУДАНЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АҒЗАСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

admin

Дiн бiрлiкке бағыттайды

admin