Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы аясында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы бастау алды. Аталған акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясының алғашқы күнінде қыз-келіншектермен кездесу өткізді. Еңбекші және Әл-Фараби ауданы Полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ақмарал Төрехан мен Қалиева Айгүл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратты.
«Акция аясында мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесе ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда»- дейді Ақмарал Төрехан.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 60-ТАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛМЕК

admin

Марихуана шегіп көлік тізгіндеген шымкеттік бейнебақылау камераларына түсіп қалған

admin

ҚАРИЯЛАР ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАМАШАЛАЙДЫ

admin