Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 25қарашасы мен 10желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының алғашқы күнінде қыз-келіншектермен кездесу өткізді. Абай ауданы Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратты.

«Акция аясында мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесе ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда»- дейді полиция подполковнигі.

Осы ретте, тәртіп сақшылары тұрғындарға жақын туысыңыз немесе өзіңіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда, мемлекет тарапынан бірқатар маңызды көмек түрін тегін ала алатыныңызды еске салады.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР КӨРСЕТІЛІП ЖАТҚАН КӨМЕККЕ ӨЗ АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ЭПИДЕМИОЛОГТАР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

admin

ТҮРКІСТАН ЖАРҚЫРАЙ ТҮСЕДІ

admin