Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ 25 ҚАБАТТЫ ЗӘУЛІМ ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛУДА

Жалпы ауданы 5 га болатын  “Шымкент сити”- да  25 қабатты, 20 блоктан тұратын  үшінші мегаполистегі ең биік тұрғын үй кешені бой көтеруде.  Құрылыс барысы қарқынды.

Жаңа тұрғын үй кешенін көруге қала әкімі М.Әйтенов арнайы барды.  Шаһар басшысы мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кету керек, кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. Құрылыс толық аяқталған жағдайда 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР АСҚАЗАН КӨЛЕМІН КІШІРЕЙТУ ОТАСЫН ЖАСАДЫ

admin

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Наурыз мейрамын тойлады

admin

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұсталды

admin