Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ.

Шымкент қаласында өткен жылы  «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1796 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Азаматтар аталған тұрғын үйлерді Шымкент қаласы бойынша екінші дейгейлі банктер арқылы жеке құрылыс компаниялары салған пәтерлерді 7-20-25 бағытымен сатып алған.  Жалпы сомасы 25,1 млрд. теңгені құрайды.  Ал, 2020 жылы осы бағдарлама шеңберінде 1639 адам тұрғын үйге қол жеткізген болатын.

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің өсімі 1,1%-ға артқан.

Сонымен қатар,  2021 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында 1728 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға бөлінеді.

7-20-25 — Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Бұл бағдарламаның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі — 7 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді. Шымкент қаласында 25 миллион теңгеге дейін тұрғын үй қарастыруға болады.

📌Жеке тұлға 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

🇰🇿Қазақстан Республикасының азаматтығы;

🏠Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;

💰Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

🏦Ипотекалық кредиттерінің болмауы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

admin

ТҮРКІСТАН: ТАРИФТЕРДІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕН ОБЛЫС ХАЛҚЫ 3 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕГЕН

admin

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ОРТАША ТЕСТІК БАЛЫ 79,5-ТІ ҚҰРАП ОТЫР

admin