Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте алғаш рет электрондық коммерция орталығы ашылады

Еліміздің үшінші мегаполисінде электрондық коммерцияны дамыту қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазпочта» АҚ және «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында үш жақты ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Меморандум аясында қаланың алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылатын болады. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімдігінің 2019-2021 жылдарға арналған жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде атқарылып отыр.
Бұл жоспарда электрондық коммерцияны дамытуға ерекше назар аударылған. Мысалы, әзірленген қолдау шараларының бірі Қазақстан мен Өзбекстан бойынша Шымкент интернет-дүкендерінің тауарларын жеткізуге жұмсалатын шығындарды өтеу көзделген. Тауарларды жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бір терезе қағидасы бойынша бизнес үшін бірыңғай қызмет супермаркетін ашу қарастырылған.
Құрылған «Бизнес-супермаркет» аумағында «Қазпошта» АҚ-мен бірлескен Шымкентте алғашқы электрондық коммерция орталығы құрылады. Онда е-commerce саласында алғашқы қадамын жасайтын кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде оқытудан өтеді және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек ала алады.
Көрсетілген қолдау шаралары Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірінің электрондық коммерциясын дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Bir Tolqynda» чемпиондар жастармен жүздесті

admin

ТҮРКІСТАНДА ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ӨСІРГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН КЕЛЕСТЕГІ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕТІН БОЛДЫ

admin