Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған іс-шараның мақсаты автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру болып табылады.
Сондай-ақ, «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасының барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар өткізуде. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда пірәндік жеген екі жасар бала өмірімен қош айтыса жаздады

admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАУБАЙХАНА ТӘУЛІКТІК ӨНІМ КӨЛЕМІН 50 МЫҢ ДАНАҒА ШЫҒАРДЫ

admin

Түркістан қаласының ақсақалдар алқасы құттықтайды

admin