Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті

 Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірігіп кезекті «Есірткіге жол жоқ!’’ акциясын өткізді.

Шара «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі қылмысының алдын алу және болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.

Осы тұрғыда Абай ауданындағы Данабұлақ және Калинин көшелерінің бойында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі 16 графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары жойылды.

Есірткі заттарын пайдалану қоғамның әртүрлі әлеуметтік және жас топтардың санасын улайды. Бұл тұрғыда азаматтардың денсаулықтарына ғана қауіп төнбейді, сондай-ақ есірткі заттарын пайдаланатын адамдар криминалдық жағдайға да жақын болады. Тәртіп сақшылары осы негізде мүдделі ұйымдар және еріктілермен бірлесіп, нәтижелі жұмыс жасауда.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

№11 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

admin

ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰСЫНЫСЫ БОЙЫНША 43 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

admin

22 жыл ішкі істер органында қызмет атқарған анықтаушы зейнетке шықты

admin