Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте ірі мөлшерде есірткі затын алып жүрген азамат ұсталды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткіні ірі көлемде заңсыз алып жүрген азаматты құрықтады.
Полицейлерге түскен жедел ақпаратқа сәйкес 22 жастағы қала тұрғыны Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің артқы жағында жүрген жерінен тоқтатылған. Тексеру барысында ер азаматтан жалпы саны 29 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақталған заттар анықталып, тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда көрсетілген жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АСАРЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНА БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

admin