Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті лоунж-бар анықталды

Еңбекші ауданының полицейлері Елшібек батыр көшесі бойында орналасқан лаунж-бардың карантиндік талаптарды бұзып, 28 шілде сағат 00:45-те келушілерді қабылдап, қызмет көрсеткенін анықтады.
4 үстелде тұтынушылардың қор-қор тұтынып отырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, қызметкерлер келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АС СУЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ICКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ АПАРАР ЖОЛ

admin

ТҮРКІСТАН: ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ҰСЫНЫМ ҚАРАЛДЫ

admin