Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, қала көлемінде атыс қаруымен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, заңсыз айналымдағы қаруларды анықтап, тәркілеу бағытында 2022 жылдың 17-қазаннан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Атап өтер жайт, іс-шараның негізгі мақсаты — қала көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.
Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен қала аумағында тіркелген қару иелерін мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.
«Қару» жедел-профилактикалық іс шарасы 26-қазанға дейін жалғасатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АЛИК ШПЕКБАЕВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

САРЫАҒАШТА ЖЫЛЫНА 6 МЛН. КӨШЕТ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН БАР

admin