Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте мемлекеттік тіркеу белгісіз мотокөлік басқарған жүргізуші анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында, қалада рұқсатсыз мотоцикл айдаған жүргізушіні анықтады.

Полиция қызметкерлері күдік тудырған мотоциклді тоқтатып, мемлекеттік тіркеу белгісіз және көлік басқару құқығынсыз басқарғаны белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ 1300-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ 164 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТАРҒАН

admin

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ БОЙЫНША 342 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСА АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

admin

Әскери қызметшілер «OIQAZAN» зияткерлік ойынына қатысты

admin