Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталуда

    Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлермен қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде 2021 жылдың 14-тамызында, сағат 14:55-те, Жібек жолы даңғылы бойында  орналасқан кафе карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап, келушілерді қабылдап жатқандығы анықталды.
     Шайхана қызметкерлері бір реттік бетпердені толық тақпай, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіндігі белгілі болды.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
    Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтiк желiдегi заңбұзушылық үшiн қолданылатын жаза

admin

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН АНЫҚТАЙТЫН ЖАҢА ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

admin

ПАРАСАТ ЖОЛЫ – АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ

admin