Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сырым батыр көшесінің бойында орналасқан кафенің карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:10-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен  (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік тұрғын қоймадағы өсімдік майына ұрлыққа түскен

admin

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Түркістан қаласының ақсақалдар алқасы құттықтайды

admin