Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізуде

Шымкент қаласы Қаратау ауданы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында тәртіп сақшылары бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді. 

«Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында балаларды жол белгілерімен таныстырып, жол қауіпсіздігі бойынша туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша үлестірмелер, брошюралар және жадынамалар таратты.

Айта кететін жайт, мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің лауазымды тұлғасына және оған пара бергендерге қатысты сот үкімі шықты

admin

«ҚАЗЫҒҰРТ КЛИНИКАСЫ» МЕДОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ НӘТИЖЕСІНДЕ 372 МЛН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

admin