Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте сауда орнын алып беремін деп, ақша алып кеткен алаяқ ұсталды

2021 жылдың 23-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, Шымкент қаласы, “Темір жол” вокзалының алдынан сауда орнын алып беремін деп, алаяқтық жолмен 70.000 теңге ақшасын, иемденіп кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға сеніп ақша бермеуге кеңес береді.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Смағұл Елубай: Отыз жыл бойы қазақ тілін үйренбегендер өз орнын босатсын

admin

ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметшілер заңсыз бизнеспен айналыспауға шақырылды

admin