Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте шетелдік нөмірі бар 900-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды

Қала аумағында жүргізушілердің оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін жақсарту мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ағымдағы жылдың 12-қазанынан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен құқық бұзушылықты, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 21-күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 14729 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде, мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 855 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 93 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Атап айтқанда: ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 66 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 64 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 19 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 17 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген — 5 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 64 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан — 3 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған — 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 36  (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 122 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі)  жүргізуші анықталған.  Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 386 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 10-қарашасына дейін жалғасын табады. Осындай жедел-профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРЛАРДА ТӨСЕК-ОРЫНДАР САНЫ КӨБЕЙДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АБАЙ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

admin