Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте түнде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.

     2021 жылдың 12-тамызында түнгі сағат 23-30-да Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Ақ жол» саунасы ашық түрде келушілерді қабылдап, карантин режимін бұзғаны анықталды.

     Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеулерді елемей жұмыс жасағандықтан, сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара көру үшін жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1 млн 300 мыңнан аса қызғалдақ гүлдеп тұр

admin

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ШЕКТЕУЛЕРІ САҚТАЛАДЫ

admin