Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте ұялы телефон ұрлаған ұрыны ұстады

2021 жылдың 5-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз азамат, «Лото клуб» ғимаратында, 2-қабатында стол үстінде тұрған, құны 130.000 теңге тұратын «ОРРО А91» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте демалыс күндері 100-ден астам жасөспірім балалар «коменданттық сағатын» бұзған

admin

Адалдық – ардың ісі

admin

ТҮРКІСТАН: «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДАН КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

admin