Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте жалған полицей ұсталды

Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «Полицей» әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 8 КАНАЛ МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУДАН ӨТЕДІ

admin

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАҢА 7 КӘСІПТІК СУБЪЕКТТІ СҮЙМЕЛДЕУГЕ АЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin