Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 174 жүргізуші жауапқа тартылды

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кезекті іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен соңғы 5 (бес) тәулік ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 174  жүргізуші анықталды.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ұялы телефон пайдаланып көлік тізгіндеген жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын заңға сай тиісті ережелерді сақтауға, жол-көлік оқиғаларының салдарынан адам өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ — БАСЫМ МІНДЕТ

admin

Дәурен Абаев Қытайдан қорқудың себептерін айтты

admin

«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар өтуде

admin