Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ШЫМКЕНТТІК БАСКЕТБОЛШЫЛАР – ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы орталық стадионда баскетболдан 2006-2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне  Астана қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 2 команда қатысып, бақтарын сынады.

17-23 қараша аралығында өткен бәсекеде жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласы 2-ші,  Маңғыстау облысының командасы 3-ші орынға ие болды.

Енді шымкенттік жасөспірім қыздар келесі жарысқа дайындықты бастайды. Алдағы жауапты жарыстарда сәттілік тілейміз!

«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте құны 100 000 теңге тұратын электрқозғалтқышын ұрлаған азамат анықталды

admin

Шымкент: «PlayStation5» ойын құрылғысын бір күнге жалға алып, ломбардқа өткізген

admin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЛАРДА БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

admin