Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ

«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Қабыштаев және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков бір топ дәрігерлермен кездесу өткізді. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында өткен жиында алдағы күндері жоспарланған республикалық референдум өткізу жұмыстары сөз болды.

Кешегі пандемиямен күрестің алғы шебінде жүріп ерлікке пара-пар қызмет көрсеткен мамандар саяси науқанда да белсенділік танытпақ. Әр адамның дертіне шипа, жанына дауа сыйлайтын абзал жандар еліміз үшін маңызды күнде де қалыс қалмай, референдумға белсене атсалысатындарын жеткізді.

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасына баршамыз қолдауымыз керек. Референдум еліміз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Сол себепті, баршамыз бірауыздан осы референдумның өтуіне үлес қосып, ойымызды білдіруіміз қажет. Референдум ең алдымен халық үшін маңызды. Өйткені, референдум арқылы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шын мәнінде халықтың билігін нығайта түседі, — деп өз ойын білдірді Мұхтархан Қабыланбекұлы.

Жиналғандар Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум төңірегіндегі барлық сауалдарына жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ САЙРАМ АУДАНЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Шымкентте «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 107 құқық бұзушылық анықталды

admin