Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІ ҚОЛДАЙДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу барысы талқыланды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісі Б.Тулегенов, Қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді қолдайтындықтарын алға тартып, алдағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенді болатындарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛКОГОЛЬДІ ІШІМДІК САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛДА СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН

admin

ШЫМКЕНТ ПЕН СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

admin