Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер 150 адамдық тойды тоқтатты

Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойханада эпид ахуалға(қызыл аймақ) қарамай, 150 адамдық «Мерей той»  өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар, мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, тойхана әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМДЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ӘШКЕРЕЛЕУГЕ ЖӘРДЕМДЕСКЕН 2 АЗАМАТҚА АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

admin