Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған азаматшаны ұстады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына кеңсе арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан арыз түскен. Ол өз арызында, Халыққа қызмет көрсету орталығында бейтаныс азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы бизнес бастау үшін, қайтарымсыз 5 000 000 теңге несие шығарып беремін деп сеніміне кіргенін жазған. Сосын жәбірленушінің өзіне тиесілі ұялы телефонындағы екінші дәрежелі банк қосымшасы арқылы 600 000 теңге ақшасын аударып, иемденіп алғанын көрсеткен.
Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел – іздестіру барысында 27 жастағы азаматша анықталды, тиісті басқармаға жеткізілді.
Осы орайда тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтықтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.
Егер де, Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу  «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

ОҚО әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

admin

АРЫС: ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin

Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері 355 мас жүргізушіні ұстады

admin