Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған азаматты ұстады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі.
2021 жылдың 10-қазанында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, өзінің танысы Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы дәмханалардың бірінде кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз 585 мың теңге алуға көмектесемін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 60 мың теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілген.
Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.
Егерде, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын: Отбасын қирату Отанды қирату емес пе?

admin

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОНЛАЙН АЙТЫС ӨТКІЗІЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: «АСТАНА НАН» НАУБАЙХАНАСЫ БІР АУДАНДЫ НАНМЕН ҚАМТЫП ОТЫР

admin