Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» іс-шарасы аясында оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндірді

Қаратау АПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Ерікұлы Сержан қаладағы №72 жалпы орта мектептің ұстаздарымен бірлесіп «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін үйретті. Өз кезегінде, балалар сауалдарына жауап алды.

Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

 

Өз кезегінде, «Ата-аналар балаларға жіті көңіл бөліп, жолда жүру ережелерін үйретуі тиіс. Балалардың қауіпсіздігі сіз бен біздің міндетіміз»,-дейді полиция капитаны Ерікұлы Сержан.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тамақ қауiпсiздiгiн сақта!

admin

М.ӘЙТЕНОВ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

admin

Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң VI съезiнiң декларациясы

admin