Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер балаларға жолда жүру ережесін түсіндірді

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты аудандық полиция басқармалары Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі ауқымы кең профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.

Мектеп инспекторлары қызметі тәрбие берудің бір көрінісі ретінде қалыптасып келеді. Оның қызметі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғау болып табылады.

2021 жылдың 4-қазанында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Халметов Надыр қаладағы №17 жалпы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережесі туралы сабақ өткізді. Түрлі көрнекі құралдармен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, балалардың белсенді қатысуын қадағалады.

Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕРЛЕРГЕ ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛДЫ

admin

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ТЫҢ СЕРПІН БАР

admin

ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ ҚОЛДАУ ТАУЫП ЖАТЫР

admin