Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер банктің игілігіне өтіп кеткен үйді алып берем деп, алдап соққан алаяқты ұстады

2021 жылдың 15-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіру арқылы, банктің иелігіне өтіп кеткен үйді арзан бағада алып беремін деп, 1.750.000 теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласуды ұмытпаңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

admin

КӨПТІҢ ТІЛЕГІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

admin

БАЛАЛАРДЫҢ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУІ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

admin