Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер бір аптада алкогольді ішімдікті қоғамдық орындарда тұтынған 25 құқықбұзушыны анықтады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен 2022 жылдың 31-қаңтары мен 6-ақпан күндері аралығында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 25 азамат анықталып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айта өтетін ақпарат, Әл-Фараби ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторлары бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырып, аумақты ұдайы бақылауда ұстайтын болады.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауды сұранады.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті

admin

Облысымызда «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясы жарияланды

admin

АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin